Тоқаев ұсынған адалдыққа тексеру жобасы заң жүзінде бекітіледі
Сурет ашық дереккөзден
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында бекіткен «Адалдық тексеру» жобасы заң жүзінде бекітілуге ұсынылды.
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында адалдыққа тексеру жүргізу тетігі қарастырылмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жүйесіне адалдыққа тексеруді енгізу өте тиімді және уақтылы шешім болады. Бұл тексеру мемлекет пен халық мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алады. Бұл институтты енгізу мемлекеттік аппараттың сапасын жақсартуға және азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Заң адалдыққа тексерудің мақсаттарын, оны жүргізудің негізгі принциптерін, әдістерін, тексерілетін (тексеру жүргізілетін) адамдардың да, «тексерушінің» де құқықтары мен міндеттерін қарастыратын болады», - делінген «Адалдыққа тексеру жүргізу туралы» заң жобасына нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік құжатта.
«Президент Әкімшілігі адалдыққа тексеруді енгізуді тұжырымдамалық түрде қолдады. Тексеру тетігін толық егжей-тегжейлі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мүдделі мемлекеттік органдарымен (Қарулы Күштер, Мемлекеттік прокуратура, Ішкі істер министрлігі, ҰҚК, АФМ, Әділет министрлігі ) бірлесіп тиісті заң жобасын дайындау тапсырылды» делінген құжатта.
Тексеру жүргізілген мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттері де заңмен бекітіледі:
1) дыбыс және бейнежазбаны ықтимал пайдалана отырып, қызметке кірер алдында хабардар етілген келісімді алудың міндетті рәсімі;
2) оның нәтижелері жарияланғаннан кейін өзіне қатысты жүргізілген тексеру туралы ақпаратты алу;
3) тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағымдану.
Заң адалдыққа тексерудің (Integrity check) негізгі қағидаттарын, оны жүзеге асыру әдістерін, тексерілетін адамдардың да (оларға қатысты тексеру жүргізілетін) және «тексерушінің» құқықтары мен міндеттерін, тексерілетін лауазымды тұлғалар, тексеру нәтижелері үшін жауапкершілік шаралары тізбесін реттейді.
«Адалдыққа тексеру – бұл мемлекет пен халықтың мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алу тетігі. Бұл институтты енгізу мемлекеттік аппараттың сапалы құрамдас бөлігін жақсартуға және азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті әзірлеушілер.
Заң жобасында құқық қорғау органдары мен арнайы органдар үшін адалдыққа тексеруді енгізу ұсынылады.
«Заң жобасын қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүйесіне адалдыққа тексеруді (Integrity check) енгізуге бағытталған», - деп түсіндірді авторлар.
Жаңалықтар
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді