Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді

cover Фото: bizmedia.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент бүгін JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.

Сондай-ақ, ол Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі.

«20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатыстын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар