Токио-2020: Паралимпиада ойындарының тарихы және ұлттық құраманың дайындығы
Фото: ottobock.ru
Токиода паралимпиада ойындары басталды. 24 тамыздан басталып 5 қыркүйекке дейін жалғасатын паралимпиада ойындарында жаңа спорт түрлері болады.
«Токио-2020» XVI жазғы паралимпиадалық ойындарында спорттың 7 түрінен Қазақстанның намысын 25 паралимпиадашы қорғайды. Жалпы XVI Паралимпиада ойындарында 22 спорт түрі болады. Ел абыройы сыналатын жарысқа 136 елден 4400-ге жуық спортшы қатысатыны белгілі болды. Қазақстан туын таэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы және Еуропаның екі дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтинг спортшысы Раушан Қойшыбаева ұстайды.
– Қазақстандық паралимпиадашылар жеті жүзу лицензиясын, алты дзюдо лицензиясын, бес пауэрлифтинг лицензиясын, үш таэквондо лицензиясын және екі жеңіл атлетшілер лицензиясын жеңіп алды, – делінген ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Токио 2020 – тәуелсіз Қазақстанның спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойындары. Соңғы 25 жыл ішінде Қазақстан Паралимпиада ойындарына жиырмадан астам спортшыны алғаш рет жіберіп отыр. Еске салайық, біздің елімізден 12 паралимпиадашы Атланта 1996, Сидней – 2, Афина 2004 – 8, Пекин 2008 – 3, Лондон 2012 - 7, Рио 2016 – 10 спортшы қатысқан. Токио-2020 жазғы Паралимпиадасына Қазақстаннан 25 спортшы қатысады.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 17:00-де басталды. Тікелей трансляцияны QazSport телеарнасы көрсетті.
ТОКИО-2020 Паралимпиада ойындарына қатысатын құрам:
Пара жүзу - Сиязбек Далиев, Нұрәлі Советханов, Зүлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев;
Пара дзюдо - Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Утепов;
Пара пауэрлифтинг - Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Әбдіхалықова, Алина Солодухина;
Пара таеквондо – Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмила Досмалова;
Пара жеңіл атлетика - Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы;
Пара каноэ – Сыпатай Бейбарыс;
Пара нысана ату – Айсұлу Жұмабаева.
Еске салайық, Тоқаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада құрама командасының мүшелерімен кездесіп, қолдау білдіретінін айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың паралимпиадашылар – қажымас қайрат пен қайсарлықтың символы екенін де айтты.
– Әлемдегі жүз мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, осы ойындарға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сіздер бұған табандылық пен кәсіби дайындықтың арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер. Демек, әрбір пара спортшымызды қазірдің өзінде жеңімпаз деуге болады. Өздеріңізді барша отандасымыз мақтан тұтады, - деді Мемлекет басшысы.
Паралимпиада ойындарының тарихы
Паралимпиада ойындарының дүниеге келуі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тығыз байланысты. Мүгедек болған көптеген адамдар спортпен белсенді түрде айналыса бастайды. 1944 жылы Сток Мандевиллдегі жұлын жарақаты бар науқастарды оңалту орталығында спорттық бағдарлама жасалды. Оны ұйымдастырушы, профессор Людвиг Гуттманн болды. Спорттық бағдарлама жасап шыққан ол тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды емдеу жөніндегі Британдық халықаралық ұйымның президенті болды.

Дәл осы сәттен бастап спорттық жарыстарға қатысатын адамдар саны көбейе бастады. Тіпті, спорттық бағдарламарға кіретін спорт түрлерінің саны артты. Бұл халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.
Алғашқы Паралимпиада ойындары 1960 жылы Италияның астанасы Римде өтті. Ойындар 18 қыркүйекте «АкваАцетос» стадионында ашылды, оған 5000 көрермен қатысқан. Жарысқа 23 елден 400 спортшы қатысты. Италия спортшыларының саны көп болды.

Рим ойындарының бағдарламасына сегіз спорт түрі кірді, олардың ішінде жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, баскетбол, садақ ату, үстел теннисі және т.б. Жарысқа жұлын жарақаты бар спортшылар қатысты. Бұл ойындарда итальяндық Ф.Росси (семсерлесу), британдық Д.Томсон (жеңіл атлетика) және басқалары жоғары нәтиже көрсетті. Ойындардағы бейресми командалық есепте бірінші орынды Италия иеленді, екінші және үшінші орындарды Ұлыбритания мен АҚШ бөлісті.
Алғашқы Қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылы Орнсколддсвикте (Швеция) өтті. Алғаш рет шанамен жарысу сайыстары орын алды.

Паралимпиадалық ойындар атауы алғаш рет 1964 жылы Токиода қолданылды. «Паралимпиада» сөзі гректің «пара» (жақын) және «олимпиадалық» сөзінен шыққан. Терминнің мағынасы: Паралимпиадалық ойындар Олимпиада ойындарымен қатар өтеді.
Паралимпиадалық эмблема алғаш рет 2006 жылы Туринде өткен Паралимпиадалық қысқы ойындарда пайда болды. Логотип орталық нүктенің айналасында орналасқан қызыл, көк және жасыл түстердің үш жарты шарынан тұрады. Бұл символ әлемді өзінің жетістіктерімен шабыттандыратын және қуанта алатын мүмкіндігі шектеулі спортшыларды біріктірудегі ХПК рөлін көрсетеді.

«Qazsport» телеарнасының комментаторы Олжас Байбосын Orda.kz тілшісіне ұлттық құраманың дайындығы туралы айтып берді.

Паралимпиада ойындарында қандай нәтиже күтесіз және кімге үміт артасыз? Биылғы дайындықтары қалай?
– Паралимпиада ойындарына спортшыларымыз жеті спорт түрінен қатысып жатыр. Пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара таеквондодан мүмкіндігіміз жоғары. Алтын медальді таеквандошы Нұрлан Домбаев бауырымыз алады деп ойлаймын.
Осы күнге дейін өткен Паралимпиада ойындарындағы ұлттық құраманың әлеуеті қандай? Қандай жетістіктерге жеттік?
– Алдыңғы паралимпиадаларға қарағанда бізде нақты фаворит жоқ. Әрине, Нұрлан Домбаевтан басқа. Бірақ алтын медаль күтеміз.
– Мен паралимпиада ойындарын жүргіземін. Негізі паралимпиада ойындарынан сенсация күтілмейді. Негізгі фавориттер түбінде алтын алады.
Спорт комментаторы сөз соңында басқа да спортшылардан жүлделі орындар күтетінін айтып, сәттілік тіледі.
Жаңалықтар
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
- Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін: Ақы төлеген жолаушыларға ақшасы қайтарылады
- ҚР ІІМ: Жағдай тұрақты, сайлау учаскелері тәулік бойы күзетіледі
- Қазақстан да бар: Сот 75 ел азаматтарына АҚШ визасын беруге салынған тыйымды жойды
- Найзағай ойнап, бұршақ жаңбыр жауады: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы