Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Аталған РМК Ресейдегі жетекші мыс өндіруші. Компания өз қызметінде тиімділік пен сенімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Табиғатты қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы үздік тәжірибелерді енгізеді.

Компания кен өндіру мен байытудан бастап дайын өнімді шығару мен сатуға дейінгі толық циклді іске асырады. Компания өз қызметінде тұрақты даму қағидаттарын ұстанады. Бизнес-міндеттерді шеше отырып, компания қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мүдделерін қамтиды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар