Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына жеке жолдаулар жолдап, осы елдердің халықтарына ауыр сын-қатер кезеңінде шынайы қолдау мен ынтымақтастық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазақстан Президенті Қазақстанға достас әрі бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған кез келген әскери әрекеттерді қатаң айыптады.

«Біздің еліміз барлық күрделі халықаралық мәселелер мен қарулы қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешуді әрдайым қолдайды» деп жазылған жолдауда. 

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан бауырлас араб елдеріне қолынан келген көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеп, олардың жоғары басшылығымен тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға үміт білдірді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар