Тоқаев: Қаңтар оқиғасы – ел бірлігі мен әділдік үшін үлкен сабақ
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы туралы сөз қозғады. Ол бұл оқиғаны Қазақстан тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі деп бағалап, ел бірлігін нығайту мен әділдік орнату қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасіретті оқиғадан кейін қоғамда түрлі пікірлер айтылып, ақпараттық кеңістікте жалған мәліметтер тарағаны белгілі. Президент бұл жағдайға байланысты халықтың көкейінде күмән қалмау үшін биліктің ашықтық қағидатын ұстанғанын жеткізді.
«Қаңтар қасіреті әлеуметтік әділетсіздіктің және кейбір топтардың мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының нәтижесі. Бірақ біз бұл оқиғадан үлкен сабақ алдық. Біздің міндетіміз – ел бірлігін сақтау және әділдік орнату», – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысты барлық тергеулердің ашық жүргізілгенін және Парламентте арнайы тыңдаулар ұйымдастырылғанын айтты.
«Тергеу нәтижелері ел алдына жария етілді. Билік халықтың көкейінде ешқандай күмән қалмауы үшін саналы түрде ашықтық қағидатын ұстанды. Қылмыскерлер әділ жазасын алды, бұл – біздің ел үшін әділеттіліктің басымдығының дәлелі», – деп мәлімдеді президент.
Жаңалықтар
- Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өртте жоғалған Қазақстан азаматына қатысты СІМ мәлімдемесі
- Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
- Павлодардағы салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
- Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген цистерналар рельстен шығып кетті
- Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Еліміздің 12 қаласында ауаның ластануы жоғары
- Павлодарда салынып жатқан құны оншақты миллиард болатын көпірде өрт шықты
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды