Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылатыны туралы құжатқа қол қойды
Фото: Ақорда
Жуырда мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесі Жарғысына қол қою рәсімі өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа мәселесі бойынша құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алған алғашқы тұлғалардың бірі болды. Сондай-ақ Қазақстанға осы Кеңестің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды. Президент америкалық көшбасшыға жауап хат жолдап, алғысын білдіріп, жаңа бірлестікке қатысуға келісімін жеткізді.
Қазақстан Президенті бұған дейін америкалық көшбасшыға жауап хат жолдап, алғысын білдіріп, жаңа бірлестікке қатысуға келісімін берген болатын.
Вашингтонның тұжырымдамасына сәйкес, Бейбітшілік кеңесі стратегиялық бақылауға, халықаралық ресурстарды жұмылдыруға және Газаның бейбіт дамуына қатысты міндеттемелердің орындалуын қадағалауға жауапты болады.
Ақ үйдің хабарлауынша, құрылтайшы атқарушы кеңестің (founding executive board) құрамына жеті адам кіреді. Олар — дипломатия, даму, инфрақұрылым және экономикалық стратегия салаларында тәжірибесі бар көшбасшылар. Құрылтайшы атқарушы кеңестің әрбір мүшесі Газаны тұрақтандыру үшін аса маңызды саналатын жекелеген бағыттарға жауапты болады.
Сонымен қатар Газаның атқарушы кеңесі (Gaza executive board) құрылады. Бұл орган сектордың жаңа үкіметінің қызметін бақылайтын болады. Аталған кеңес құрамына 11 адам енеді, оның ішінде құрылтайшы атқарушы кеңестің төрт мүшесі бар.
Бұған дейін Дональд Трамп жаңа бірлестікті «кез келген уақытта әрі кез келген жерде құрылған ең ұлы және ең беделді кеңес» деп атаған болатын.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы туралы құжатқа қол қойды.
Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан Президенті, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, сондай-ақ Оңтүстік Америка мен Таяу Шығыс елдерінің өкілдері қатысты. Бұл ретте CNN аталған шарада Америка Құрама Штаттарының дәстүрлі батысеуропалық одақтастары болмағанын атап өтті.
Бастапқыда кеңес Газа секторының болашағымен айналысатын жаңа халықаралық орган ретінде жоспарланған. Алайда жарғыға сәйкес, оның өкілеттігі әлдеқайда кең болып шықты және ол Біріккен Ұлттар Ұйымына балама құрылымға айналуы мүмкін. «Бейбітшілік кеңесіне» төрағалық ету құқығын Дональд Трамп өзінде қалдырды. Бұл органның құрамына кіруге шамамен 60 елге шақыру жіберілген, олардың қатарында Қазақстан, Украина, Ресей және Беларусь те бар.
АҚШ Ақ үйінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Дональд Трамптың сөзінен кейін: «Бейбітшілік кеңесі» — жаңа халықаралық ұйым», — деп мәлімдеді.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа органның негізгі мақсаты — елдің Негізгі заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады