Тоңазытқыштағы нәресте: дәрігерлерге үкім шығарылды

cover

Дүйсенбі, 18 қаңтарда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне үкім шығарды.

Орталық директоры Қуаныш Нысанбаев 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға кесілді. Акушер Тамила Күлбатырова 15 жылын түрмеде өткізеді. Олар алдын-ала сөз байласу арқылы бір топ адам қасақана кісі өлтірді деп айыпталды.

Қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталған неонатологтар Руслан Нұрмаханбетов пен Дариға Жұмабаева 3 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Оқиға 2019 жылы болған. 26 жастағы Нұржамал Тұрымбетова 23 қыркүйекте облыстық перинаталдық орталыққа түсіп, 29 қыркүйекте мерзімінен бұрын босанады. Неонатолог Сағадат Әлімбаева баланы тексеріп, оның қайтыс болғанын анықтады. Алайда кейінірек баланың денесін тоңазытқышқа салмас бұрын оның тірі екендігі хабарланды.

Бұл ақпарат сол кеште сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің Нысанбаевтың телефонын тыңдау барысында анықталды. Оның адвокаты Аслан Жолболовтың айтуынша, сәбидің денесі сот-медициналық сараптамадан бұрын ауыстырылған.

Орталықтың 31 дәрігері психологиялық қысымға төтеп бере алмай, өз еріктерімен жұмыстан шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар