Тоқаев Түркия президентіне жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған жеделхатында Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан халқының және жеке өз атынан ізгі ниетін жеткізді.
Қазақстан президенті бүгінде Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағытта орасан табыстарға қол жеткізгенін, өңірлік және жаһандық маңызы зор мәселелерді шешудегі белсенділігі мен табандылығы арқылы әлемдік сахнада лайықты орынға ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қуатты Анадолы елінің арманын арқалаған саясаткер Режеп Тайып Ердоғанның еңбегі әрдайым жемісті болуына тілектестік білдірген.
– Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы салалардағы стратегиялық әріптестігіміз болашақта өзінің жалғасын тауып, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне кәміл сенемін.
Сындарлы да мазмұнды екіжақты диалогымызды жалғастыру және серіктeстігімізге тың серпін беру жолдарын талқылау үшін жуық арада Өзіңізбен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің 8-ші саммитінде жүздесуді асыға күтемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қымбатты бауырым, сізге сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал түрік ағайындарыма баянды өркендеу мен құт-береке тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды