Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдап, Ұлттық банк төрағасының биылғы 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және әлемдегі инфляциялық қысымның күшейіп, азық-түлік бағасының қымбаттай түскені туралы есебін тыңдады.

Сондай-ақ, Үкіметпен бірлесіп, инфляцияға төтеп беру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ азық-түлік бағасының өсуі болар-болмас баяулағанына байланысты қазан айындағы жылдық инфляцияның деңгейі 8,9 пайыз болғаны туралы ақпарат берілді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айда қалыптасқан төлем балансының алдын ала бағалау көрсеткіші туралы мәлімет ұсынды. Бағалауға сәйкес сауда балансының жақсаруына байланысты  төлем балансының тапшылығы 3 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеген. Тұтынушылық импорттың өсуі төлем балансының одан әрі жақсаруын тежейді.

Досаевтың мәліметінше, алтын бағасының қымбаттауы есебінен алтынвалюта қоры активтерінің өсуі жөнінде және жыл басынан бері Ұлттық қордағы инвестициялық кірістің 2 миллиард АҚШ долларына (3,44%) дейін қайта қалпына келген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар