Тоқаев Ұлттық банк басшысына тапсырма берді

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Ұлттық банк төрағасының биылғы 8 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде, сондай-ақ әлем экономикасының қайта қалпына келу барысында инфляциялық қатердің күшейе түскені туралы есебін тыңдады.

Сондай-ақ, Тоқаевқа халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің артуына ықпал ететін Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің арта түскені жөнінде және Президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы мәлімет берілді.

Фото: Ақорда

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендетуге және халықаралық нарықтардағы құбылмалылықтың арту жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар