Өткен демалыста елордада түнде көшеде елуге жуық бала табылды

cover

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің баспасөз қызметі ата-аналарды балаларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жасөспірімдердің мінез-құлқының алдын алу, бақылауды күшейту және құқық бұзушылықтар мен оларға қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында жергілікті құқық қорғау органдары рейд жүргізеді.

Демалыс күндері түнде ересек адамсыз 52 кәмелеттік жасқа толмаған балалар табылды. Барлық фактілер бойынша полиция қызметкерлері ескерту жасаумен ҚРКобАП-тың 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.

Айта кетсек, бір жыл ішінде бірнеше ескертулер берілсе, іс ҚК қарастырылып, тиісінше жаза қолданылады.

Қазіргі таңда 70-ке жуық отбасы тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, оның 12-сі балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар