Теріс діни топ өкілдерінің жеке балабақша ашуына тосқауыл қою керек — Абзал Құспан

cover Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Алмас Наймантаевқа теріс діни топ өкілдерінің жеке балабақша ашуына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Депутат жеке балабақшаларда берілетін тәлім-тәрбиеге алаңдайтынын айтты. Ол мәжілісте теріс діни топ өкілдерінің балабақша ашуына тосқауыл қою керегін мәлімдеді. 

«Қазір орын жетіспеушілігіне байланысты жеке балабақшалар ашылып кетті. Бірақ ол жерде қандай білім беріліп жатқаны белгісіз. Осындай жағдай елдің батысында кеңінен тараған», — деді ол. 

Абзал Құспан Алмас Наймантаевқа «ҰҚК білім, тәрбие мәселесінде тексеру құзіретін кеңейтуі керек деп есептейсіз бе?» деді. 

Наймантаев бұл мәселе қарастырылатынын мәлімдеді. 

«Қоғамдық қауіпсіздікке, сіздер білетіндей, жалпы құқық тәртібі кіреді. Құқық тәртібі алдын алу шараларын жүргізуді қарастырады. Үйлестіру кеңестерінде, әртүрлі кездесулерде тиісті мемлекеттік органдармен бірге қажетті шаралар жасалады», — деп жауап берді ол. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар