«Теріс діни ағым»: Еліміздің 4 қаласынан терроризмге шақырған 6 адам ұсталды

cover Фото: ҰҚК

Елімізде бір айда 6 діни ағымның жақтасы ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді әлеуметтік желі арқылы насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысы ұсталған.

Тергеудің болжамы бойынша, ұсталғандар адамдарды діни негіздегі шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырған. Тінту барысында олардан атыс қаруы мен көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.

Сот санкциясымен 6 күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар, 3 қарашада терроризмге шақыратын материалдар таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Айта кетейік, Абай облысында «ELL QUATY» атты пирамиданың басшысы қолға түсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар