Теңіз кен орнындағы өртті тергеу үшін комиссия құрылды
Фото: әлеуметтік желіден
Теңіз кен орнында 18 қаңтарда болған газтурбиналық қондырғылардың ажыратылу фактісін тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды Orda.kz энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің тапсырмасына сәйкес, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жағдайды бақылау және операторлармен өзара іс-қимылды үйлестіру үшін Теңіз кен орнында жүр. Энергетика министрлігі 18 қаңтарда болған технологиялық ақаудың (газтурбиналық қондырғылардың ажыратылуы) барлық мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, өз жұмысын бастағанын хабарлайды» деп жазылған таратылған хабарламада.
Комиссия құрамына Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің, Атырау облысының энергетика басқармасының, «KEGOC» АҚ жүйелік операторының, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері кірді.
Мұнай өндірудің уақытша тоқтатылуына қатысты, энергетика министрлігінің мәліметінше, ТШО операторы бұл шешімді қызметкерлер мен жабдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік хаттамалары аясында қабылдаған.
«Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін анықтау үшін егжей-тегжейлі техникалық талдау жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен салдарына қатысты барлық ресми қорытындылар мен пікірлер комиссия жұмысының нәтижесі бойынша ғана жарияланады. Жағдай министрліктің бақылауында», деп атап өтті ведомство.
Еске салайық, 18 қаңтар күні таңертең Теңізшевройл (ТШО) зауытында алдымен бір, кейін екінші электр трансформаторы өртенді.
Өрт салдарынан өндіріс нысанынан 473 адам эвакуацияланды. Электр жүйесіндегі ақауларға байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды.
Ал 19 қаңтарда «Теңізшевройл» (ТШО) өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің жекелеген бөліктеріндегі ақауларға байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты.
Оқи отырыңыз:
- Ресей Қазақстандағы мұнай кен орындарын игеруге жиі қатысатын болады
- Теңіздегі мұнай өндірісінің ұлғаюы қазақстандықтарға ешқандай пайда әкелмейді
- «Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
- КҚК теңіз терминалына жасалған шабуылдан ВПУ-2 жарамсыз болып қалды
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады