Теміртауда әскери борышын өтеп жүрген жігіт өзіне қол жұмсады

cover

ҚР ҰК 5516 әскери бөлімнің мерзімді қызметіндегі қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша орталық өңірдің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын қолға алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ақпараттарға сәйкес, 20 жастағы азамат бекетте тұрған кезінде өзіне тиесілі қарудан басына оқ атқан.

«2021жылдың 21 қазанында түнгі сағат 01:30 шамасына мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер С.Б.Ангаров бекетте тұрып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Әскери қызметші шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, қабылданға шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 02:20 кезінде қатардағы жауынгердің өлімі тіркелді» ҚР Ұлттық ұланы «Орталық», деп ӨңҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Анықталғандай, өңірлік қолбасшылықпен қызметтік тергеу тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Қайтыс болған азамат Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тумасы. Марқұмның жақындары жауынгердің өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар