Ташкентте жігіттерге «қырындаған» қазақ қызының үстінен іс қозғалды

cover Фото: Instagram/ @ia_aruzhan

Әуелі Қытайды шулатып, кейін Ташкент метросында пранк жасап көзге түскен блогер жасаған іс-әрекеті үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Аружан Айбекова Өзбекстанда жасаған пранкі үшін Алматы полициясының алдында жауап берді.

«Полиция қызметкерлері қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеру жүргізді. Азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған», — деп хабарлады ведомство. 

Блогерге кішігірім бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілген. 

Айта кетейік, бұған дейін 1,1 миллионнан астам оқырманы бар блогердің қытайлықтарға пранк жасаймын деп басы дауға қалған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар