Тараздағы жарылыстан қаза болған қызметкерлердің жақындарына көмек көрсетіледі

cover

ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев Тараздағы жарылыста көз жұмған әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек берілетіні туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Борамбаевтың айтуынша, заңға сәйкес мерт болған қызметшілердің жақындарына жерлеу шығындарын, 5 жыл ақшалай үлес (жалақы) мөлшерінде біржолғы төлемдер төленеді.

Сонымен қатар, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін өтемақы төленеді. Өтемақы мөлшері әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің санына қарай белгіленеді.

– Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне де, емдеу мекемелеріндегі әскери қызметшілерге де әлеуметтік, психологиялық және материалдық көмек көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, отбасылармен жұмыс жөніндегі қызмет зардап шегушілердің балаларын мектепке дайындау бойынша жұмыс жүргізеді.

– Әскери қызметшілер мен ТЖМ қызметкерлерінің отбасыларына ерікті қаржылық көмек көрсету қоры құрылды. Қарулы күштерде бір күндік жалақы үлесін аудару туралы шешім қабылданды. Балаларды қамқорлыққа алу ұйымдастырылды. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады. Сонымен қатар, Қарулы Күштер қызметкерлерінің кәсіподағы қаза тапқан Қарулы Күштердің қызметшісі У. Далибаев- тың отбасына қаржылай көмек көрсетті, - деді Серік Борамбаев.

Еске салсақ, Тараздағы әскери бөлімдердің бірінде 26 тамыз сағат 19:00 шамасында жарылыс орын алды. 10-ға жуық жарылыс болған.

Салдарынан 100-ге жуық адам зардап шекті. Оның 49-ы төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері. 15 адам қаза болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар