Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары жемқорлық үшін сотталды
Құрылыс саласындағы жемқорлық фактісі бойынша үкім шықты. Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалдыбаевпен бірге сотталушылар орындығында мердігер ұйымның өкілі де отырды. Ол алаяқтық бабы бойынша алты жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қарашасына дейін Қалдыбаев құрылыс және ТКШ салаларын қадағалай отырып, бірқатар өрескел заңбұзушылықтарға жол берген.
Атап айтқанда, Тараздағы жаңа «Ұлы Дала» тұрғын үй ауданында құрылысы толық аяқталмаған екі көпқабатты үй пайдалануға берілген. Бұл нысандарға бюджеттен 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Алғашында Қалдыбаевқа мүлікті иемдену және ысырап ету айыптары тағылған. Алайда тергеу барысында бұл айып қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бабына ауыстырылды. Келтірілген шығын 137 миллион теңге болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалдыбаевты отставкаға кеткеннен үш апта өткен соң, 2023 жылғы 11 желтоқсанда ұстаған. Сотта Қалдыбаев өз кінәсін мойындамады. Алайда мердігер Қалдыбаевтың үйлердің нақты жағдайынан хабардар болғанын және жалған қабылдау актілеріне қол қойғанын растады.
Жаңалықтар
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады
- Қытайлық әйел бірден бес сәби дүиеге әкелді
- Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдары» бойынша тексеріс бастады
- Шымкентте ұстазынан азғындық көрді деген оқушының анасы өз шындығын айтты
- Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- Жамбыл облысында пәтерлерде жүздеген «көрінбейтін тұрғын» тіркеліп алған
- Зардап шеккендерге — 1 млн теңге: Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі
- Туысын жұмысқа алса өзі қызметтен кетеді: Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің міндетін қатаңдатты
- Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушы жүкті болып қалды: Іс қозғалды
- Telegram бұғаттала ма? Роскомнадзор нақты жауап бермеді
- Тоқаев Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты түрде қарсы алды