Талибандар Путиннің Мұхаммед пайғамбар туралы сөзін құптады

cover Коллаж: Orda.kz

«Талибан» қозғалысының басшылығы Владимир Путиннің Ауғанстан Орталық банкінің активтерін босату қажеттігі туралы сөзін құптады.

«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) Путиннің Мұхаммед пайғамбарды қорлауға жол берілмейтіні туралы да сөзімен келісетіндерін айтты. Бұл туралы Twitter-де Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи хабарлады.

– Ауғанстан Ислам Әмірлігі Ресей президенті Владимир Путиннің Исламның ұлық пайғамбары Мұхаммедке тіл тигізу сөз бостандығы емес, діни сенім бостандығына қарсылық және мұсылмандардың қасиетті сезіміне тіл тигізу болып табылатыны туралы мәлімдемелерін құптайды, - деп жазды Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Абдул Кахар Балхи.

23 желтоқсанда үлкен баспасөз мәслихатында Владимир Путин мұндай қорлау әрекеттері экстремистік көріністерді тудыратынын атап өтті. Ресей президенті Парижде радикалды содырлар Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына басып кіріп, редакцияның қызметкерлерін атып кеткен терактіні еске алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар