«Талғар — ең қауіпті аудан емес»: Сұлтанғазиев өңірдегі қылмыс туралы айтып берді
Коллаж Orda.kz
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарға қатысты «қылмыс ошағы» туралы пікірлер шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистердің сұрағына жауап берген ол неге дәл осы аудан жиі қылмыстық жаңалықтардың тақырыбына айналатынын түсіндірді. Әкімнің сөзінше, шынайы статистика басқаша.
«Полиция департаменті мен Бас прокуратураның арнайы есеп комитетінің деректеріне сүйенсек, Талғардағы қылмыс деңгейі 18 пайызға төмендеген. Жалпы облыс бойынша да көрсеткіштер төмендеп келеді. Талғар шағымдар саны бойынша да көш бастап тұрған жоқ. Еңбекшіқазақ пен Қарасайдан кейін үшінші орында тұр», — деді Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, бірқатар резонансты оқиғалардың көп талқылануы ауданға қатысты жағымсыз ой қалыптастырған. Әйтпесе, өңірдің ахуалы тұрақты, тұрғындары еңбекқор, өз кәсібімен айналысып жүрген адамдар. Көпшілік күн сайын Алматыға барып-келіп оқиды немесе жұмыс істейді.
Осындай ресми мәлімдемелерге қарамастан, дәл осы аймақта елді есеңгіреткен ауыр оқиғалар болып жатады. Еске сала кетейік, соңғы рет Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді.
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр