Талдықорғанда Қытай туы мен Си Цзиньпиннің портретін өртегендердің соты басталды
Бейнеден кадр
Талдықорғанда Қытайдың мемлекеттік туын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің портретін өртеу ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылар орындығында қандастар мен жергілікті азаматтардан құралған топ отыр. Тергеу оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі («Адамдар тобы жасаған ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша айыптауда. Аталған бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.
Бұл 2025 жылғы 13 қарашада болған оқиғағаға қатысты. Сол күні наразылық акциясы барысында Қазақстан–Қытай шекарасына жақын Шонжы ауылы маңында Қытайдың мемлекеттік туы мен қытай көшбасшысының портреті жұрт алдында өртелген. Бастапқыда қатысушылардың әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық ретінде бағаланған, алайда кейін іс қылмыстық санатқа қайта сараланған.
Айыпталушылардың бір бөлігі қамауда отыр, ал бір бөлігі үйқамақта. Тергеу мәліметінше, акцияға қатысушылардың әрекеттері жария әрі арандатушылық сипатта болған және «ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне» әкеп соғуы мүмкін.
Ал қорғау тарапы бұл әрекеттерді араздыққа немесе зорлық-зомбылыққа шақыру емес, наразылық білдірудің бір түрі деп санайтынын алға тартты.
Сот процесі айыпталушылардың бірінің өтініші бойынша жабық режимде өтеді. Оның айтуынша, ол Қытай Халық Республикасы аумағында тұрып жатқан жақындарының қауіпсіздігіне алаңдайды. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам өкілдері сот отырыстарына қатыса алмайды.
Келесі сот отырысы 29 қаңтарға белгіленді. Алдағы отырыстарда айыпталушылардан жауап алу және қылмыстық қудалауға негіз болған бейнематериалдарды зерттеу жоспарланып отыр. Orda.kz сот процесі барысын қадағалауды жалғастырады.
Еске салсақ, Алматы облысында туыстарын босатуды талап етіп, Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды.
Артынша баспасөз мәслихатын өткізген Әлімнұр Тұрғанбайдың туыстары Алматы облысының Ұйғыр ауданында наразылық акциясын өткізуге мәжбүр болғандарын айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады