Талдықорғанда дәрігерлер жас әйелдің жатырын рұқсатсыз алып тастады

cover Коллаж: Orda.kz

9 сағатқа созылған отада Талдықорған тұрғыны өлім аузынан қалды. Перзентханада жасалған отадан кейін дәрігерлер оның келісімін алмай  жатырын алып тастаған, деп хабарлайды Orda.kz.

Әуелі келіншектің жарасынан сары сұйықтық шығып, ол  үнемі киімін ауыстырып әуреге түскен, артынша іші үлкейіп, қызарып кетеді.

«Дәрігерлер көпсалалы ауруханадан проктологты шақырды, ол ішімді қарап, отаға дайындау керек деді. Ота 9 сағатқа созылды. Келісімімді алмай, жатырымды алып тастады. Сосын илестома қойылды. Отадан кейін мені көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырды. Сол жерде шамамен бір ай бойы ашық жарамен жаттым, жараны тіге алмады», – дейді келіншек.

Қазіргі уақытта Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты тексеріс басталғанын, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар