Тайландта патшаға тіл тигізген қызметкер 43 жылға бас бостандығынан айрылды

cover

Тайландта мемлекеттік қызметкер патшаға тіл тигізгені үшін 43 жылға бас бостандығынан айрылды.

Таиландта патша мен монархияны қорлағаны үшін әйел адам 43,5 жылға сотталды, деп хабарлайды The Independent.

Бастапқыда 87 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ әйел кінәсін мойындаған кезде ол жеңілдетілді.

Сотталған әйел 60 жаста, ол 40 жыл мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істеген. Сот оны корольді қорлағаны үшін 29 бап бойынша кінәлі деп тапты. Айыптау актісінде ол Тайланд режимін сынға алған аудио хабарламаларды әлеуметтік желіде жариялады делінген.

Сотталушының ісі алты жыл бойы тергелді. 2015 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың қарашасына дейін айыпталушы тергеу абақтысында отырды. Бұрынғы мемлекеттік қызметші енді зейнетақы алу құқығынан да айрылады.

Монархияға қарсы наразылық шаралары аясында шығарылған сот үкімі құқық қорғаушылардың айыптауына себеп болды. 2020 жылдың қараша айынан бастап Таиландта 50-ге жуық адам корольді қорлағаны үшін қамауға алынған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар