Тағы да жаңа латын қарпі. Үкіметке қазақ әліпбиінің нұсқасы ұсынылды

cover

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. ORDA бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі алфавитін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген қазақ тілі алфавитін жетілдіру туралы 2019 жылғы 21 қазандағы тапсырмасын орындау шеңберінде алфавиттің 40-тан астам нұсқалары, сондай-ақ ережелер жобасы қарастырылды. Білім беру ұйымдарында жетілдірілген алфавитті жазу және оқу бойынша сауалнама жүргізілді. Қоғамдық пікірді ескеру мақсатында ашық пікірталастар ұйымдастырылды.

Алфавит қазақ тілінің жазба тәжрибесінде бекітілген «бір дыбыс - бір әріп» қағидасына сәйкес келеді. Жаңа алфавитке кезең-кезеңмен көшу 2023-2031 жылдар аралығында жоспарланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар