Тағы бір адам екпеден соң жан сақтау бөліміне түсті

cover

Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі 44 жастағы азаматты қалалық №4 клиникалық ауруханаға жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызды.

8 мамырда «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алған Рымтай Алимпияев үйіне келген соң өзін жайсыз сезінген. Ал 9 мамыр күні таңға қарай қалшылдап ауырып, есінен танып қалған.

Науқасты екпенің бірінші компонентін алған соң бас ауруы мазалаған. Ауырсынуды басатын дәрі қабылдаған ол, 21 күн өткен соң екінші компонентті де алған. Әпкесі Гүлзира Алимпияева інісінің дәріге аллергиясы болғанын айтады. Сондықтан екпе ағзаға әсер берген болуы мүмкін дейді.

Қазіргі таңда науқас жан сақтау бөлімінен неврологияға ауыстырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар