Төтенше жағдай кезінде 42 500 алғандар 20 000-ды қайтаруға міндетті ме?

cover

42 500 теңгені қайтару қажеттілігі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлады Orda.kz.

Instagram аккаунттарының бірінде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлем алған барлық жұмыссыздар енді мемлекетке 20 000 теңгені қайтаруға міндетті деген хабарлама талқыланып жатыр.

Stopfake.kz атап өткендей, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүргізілгенін нақтылады.

Егер азамат жұмыссыз болса, оның Қазақстан Республикасы аумағында барлық жерде қызметке шектеулер енгізілуіне байланысты табысынан айрылуы мүмкін емес. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн, - деп хабарлады министрлікте.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар