Түрмеде бір қылмыскер екіншісін өлтірді

cover

Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталғандардың бірі екіншісін өлтірген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Тоғызыншы сәуірде тәртіптік изолятор камерасында сотталғандар арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде сотталғандардың бірі екіншісін өлтірді.

— Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Шақырылған жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді. Мән-жайларды анықтау мақсатында оқиға орнына тергеу - жедел тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖД басшылығы келді, -делінген қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасында.

Қақтығысқа қатысқандар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі (тонау) және 192-бабының 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотталған.

Аталған факті бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қызметтік тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар