Түркістан облысында екі ағайынды құдасының 10 млн теңгесін ұрлады

cover

Түркістан облысында екі ағайынды құдасының сейфінен алтын әшекейлер мен 11 мың АҚШ долларын ұрлап кетті.

«Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, жатын бөлмесінен 11 мың АҚШ доллары мен алтын әшекейлері бар сейфті ұрлап кетті. Залалдың жалпы сомасы 10 миллион теңге. Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеген» делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Тәртіп сақшылары жедел-тергеу іс-шараларын бастап, жақын маңдағы аумақтарды қарап, бейнебақылау камераларын тексерді. Куәгерлер мен көршілерден сауалнама жүргізді. Таныстары мен туыстарын зерттеді. Нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтады. Олар жәбірленушінің құдалары – екі ағайынды болып шықты. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

Белгілі болғандай, ағайындылар оңай ақша тапқысы келіп, құдасын тонауға шешім қабылдады. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, олар үйге кіріп, жатын бөлмесінен сейфті ұрлап кетті. Сейфтегі алтынды өздеріне қалдырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсалды.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілді. Сот шешімімен бұрын сотталған 30 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның 32 жастағы ағасы 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айрылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар