Түркияда бес мың жылдық ежелгі грек құдайларының мүсіндері табылды

cover

Түркияның батысында орналасқан ежелгі Айзана қаласы аумағында археологтар ежелгі грек Афродита мен Дионис құдайларының мүсіндерін өзен арнасындағы қазба жұмыстары кезінде тапты.

Greek Reporter басылымның мәліметінше, мүсіндердің дене бейнелері алдыңғы қазба жұмыстары кезінде табылған. Енді ғалымдар шамамен бес мың жыл бұрын әктаспен ойылған мүсіннің бастарын қазып алды.

Қазба үйлестірушісі, Түрік университетінің археологы Гохан Коскунның айтуынша, табылған артефактілер «өте маңызды» дүниелер.

— Олар ежелгі Грецияның политеистік мәдениеті Рим дәуірінде де маңыздылығын жоғалтпай ұзақ уақыт өмір сүргенін көрсетеді, - деді ол.

Сұлулық құдайы мен жүзім құдайының мүсіндері қандай себеппен зардап шеккені әлі белгісіз.

Қазба жұмысын жалғастыратын археологтар бұл жерде мүсін жасау шеберханасы немесе сауықтыру кешендері болған деп болжайды. Сарапшылар тамыз айында тапқан олжалар осындай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамандар тобы ежелгі грек денсаулық пен тазалық құдайы мүсінінің бір бөлігін жерден қазып алғандарын мәлімдеді.

Ежелгі Айзана қаласы б.з. д. 3300 жылы құрылған деп саналады.

2012 жылы бұл аймақ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы ретінде танылды. Мұнда грек құдайы Зевске арналған ең жақсы сақталған ғибадатханалардың бірі үлкен амфитеатр бар. Рим дәуірінен қалған бірнеше көпір де бар. Олардың екеуі әлі де қолданыста.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар