Тұрғымбаев Қазақстандағы ресейлік есепте тұрған көліктер санын айтты

cover Фото: kolesa.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда Ресей есебінде тұрған 210 мың көлік бар екенін айтты.

Министр Қазақстан мен Ресей арасында көліктердің шартты қозғалысы бар екенін еске салды. Яғни, бұрынғыдай кеден бекеттері жоқ, сондықтан шетелден көлік сатып алған азаматтар көліктерін Қазақстанда тіркеуі керек.

– Ресейде тіркелген 210 мыңға жуық автокөлік болса, заңды түрде 150 мың көлік сенімхат бойынша жүреді. Қазірдің өзінде 200-ге жуық көліктің қайда екенін анықтадық. Сонымен қатар, 80 мыңнан астам көлік Ресей Федерациясының тіркеуінен шығарылған, бірақ Қазақстанда тіркелмеген, - деді Тұрғымбаев.

Министр Қазақстан заңы бойынша сатып алу-сату шартымен көлік сатып алатын қазақстандықтар 10 күн ішінде өз атына рәсімдеу керектігін айтты. Министр бұл 80 мың көліктің ешқайсысы Қазақстанда техникалық байқаудан өтпегенін ескертті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар