Түлектердің аттестат алу рәсімі ашық аспан астында өтеді

cover

Еліміздегі 11-сынып бітірген түлектерге аттестат беру рәсімі салтанатты түрде 12-14 маусым аралығында өтеді.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  іс-шараның ашық аспан астында өтетіндігін жеткізді. Министрлік басшысы мектептер санитарлық қауіпсіздік шараларын, маска режимін қатаң сақтауды, іс-шараға қатысушылар арасында кем дегенде 1-1,5 метр арақашықтықты қамтамасыз ету керектігін нақтылады.  Шараға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуі ғана қатыса алады.

Аттестат әр сыныпқа бөлек беріліп, салтанатты түрде тапсыру сағат 10: 00-де басталып, әр сынып үшін ұзақтығы - 40 минутқа созылады. Арасындағы үзіліс кем дегенде 20-30 минут болады.

Біз 11-сынып түлектерінің бір-бірін көруге, мұғалімдермен қоштасуға, сондай-ақ мерекелік атмосферада мектеп бітіру аттестаттарын алуға деген ұмтылысына түсіністікпен қарадық.

— Қазір әрбір мектеп қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы маңызды. Сонымен қатар іс-шараларға қаражат жинауға, соның ішінде мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерін  ұйымдастыруға жол берілмейтіндігін тағы бір рет еске салғым келеді, – деді Асхат Аймағамбетов.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2020-2021 оқу жылы 154 мыңға жуық түлек  мектеп бітіреді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар