Сыпатаев темірден түйін түйіп, Тоқаевқа тарту етті

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесуден кейін Дінмұхамед Қонаев ескерткіші жанындағы аллеяда қаланың қалыптасуына үлес қосқан еңбек ардагерлерімен, республикаға, облысқа танымал спортшылармен жүздесті.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Александр Чжен қалаға Қонаевтың есімін бергені үшін Тоқаевқа алғыс айтқан.

Ұлттық спортты дәріптеуші Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы осы шегедей мықты болсын» деген тілекпен темірден түйін түйіп, Тоқаевқа тарту етті.
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар