Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 94 орынға жайғасты

cover

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 38 балмен 19 позицияға көтеріліп, 180 мемлекеттің ішінен 94 орынға жайғасты.

Бүгін Transparency International сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық қозғалысы 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін жариялады, деп хабарлайды ORDA. 

Баспасөз конференциясы «Сыбайлас жемқорлықтың Денсаулық сақтау жүйесіне нұқсан келтіретін әсері және COVID-19 пандемиясы аясында елдердің демократиялық қағидаларын бұзуы» тақырыбында өтті.

Жемқорлық фактісі 9 дереккөз негізінде бағаланды.

«Қазақстан билігі Денсаулық сақтау шығындары туралы қаржылық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне, журналистердің, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қызметін негізсіз шектеуге байланысты демократиялық бостандықтардың бұзылуына жол берді», - делінген ресми ақпаратта.

Бұл рейтингте Дания мен Жаңа Зеландия 88 ұпай жинап көш бастаса, Сирия, Сомали және Оңтүстік Судан 14, 12 және 12 ұпаймен соңғы орындарды иеленді.

Жемқорлықты қабылдау деңгейінің орташа балы 66 балды құраған Батыс Еуропа елдері үздік болып шықты. Оларда сыбайластықта ең аз бал жинаған аймақтар – Сахараның шығысындағы Африка (32) және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия (36).  Қазақстан EОA (Еуропа және Орталық Азия) елдері тобында бағаланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар