Суалған Жайықта жүзбейді қайық та

cover

Жайық өзені үлкен табиғи апаттың алдында тұр. Судың азайып кеткені соншалық, кей жерлерде оның тереңдігі небары 40 сантиметрге ғана жетеді.

Баяғы жартас сол жартас

Қазақстан мен Ресей ғалымдары Еуразияның күретамыры саналатын маңызды өзенді тек күзетіп қана қоймай, бар күшіміз бен мүмкіндіктерімізді салып қорғау қажет дегенді айтып, дабыл қағып жатыр. Orda.kz тілшісі екі елдің шенеуніктері бұл өзенді құтқаруда қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын біліп қайтты. Шынтуайтында, олар Жайықты жайлы креслосында, қағаз жүзінде ғана қорғап отыр.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - ural-meleet-6-1024x576.jpg

Жайық күн өткен сайын суалып жатыр. Ал екіжақты келіссөздер, шешімдер, әртүрлі уақытта қол қойылған құжаттардың еш пайдасы тиіп жатқан жоқ. Мәселен трансшекаралық Жайық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі Ресей мен Қазақстан арасындағы келісім құжаттары 10 жылдан бері реттеліп келді. Әупірімдеп, үрдіс мәресіне жетіп, қол қойылды. Бірақ содан бері 4 жыл өтті. Баяғы жартас сол жартас. Шенеуніктер Атырауда былтыр кездесу өткізді. Алайда нақты ешқандай шешімге келмеді, Жайықтың «өмірін ұзартар» қадамдар жасалмады.

Бұл уақытта өзеннің жағдайы нашарлап, қуаңшылықтан сол маңдағы тіршілік өліп, флора мен фауна құрдымға кетіп жатқанда, өзен жағалауында ауыл шаруашылығы дамып, пайдалы қазбалар қазып алынып, мия тамыры теріліп жатыр. Ал орман орнына тұрғын үй кешендері «өсіп» келеді.

Шұрайлы мекен

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - ural-meleet-5-1024x576.jpg

Жайық өзенінің ұзындығы 2 428 километрді құрайды. Бұл Еуропадағы ең ірі өзен. Қамтитын аумағы жөнінен Волга мен Дунайдан кейін үшінші тұр. Бастауын Ресей жерінен алатын өзеннің жарты жолы Қазақстан арқылы өтеді. Жайықтың еліміздің экожүйесіндегі орны - ерекше. Батыс Қазақстан жұрты тұщы суды негізінен осы өзеннен тұтынады. Халықтың 75% осы өзен алабын мекен етеді.

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар басқармасының мамандары бұл мәселені шешуге болатынын айтады.

— Біз бұл мәселені суды арттырып, гидрологиялық режимді өзгертсек, шеше аламыз деп ойлаймыз. Алайда бұл тек біздің қатысуымызбен ғана іске аса қоймайды. Трансшекаралық өзен болғандықтан оның ағысына, жіберілетін су көлеміне жоғары алабына иелік ететін ел жауапты, - дейді мамандар.

Ресей келісілген суді бермей отыр

Чиновники Казахстана и России спасают Урал соглашениями и постановлениями

Бұл өзендегі ең үлкен су қойма оның жоғары жағында салынған. Ириклинск су қоймасы Орынбор облысында 1958 жылы салынды. Оны 1966 жылы толтырды. Сонымен бірге өзеннің жоғарғы алаптарында заңды және заңсыз тұрғызылған ірілі-ұсақты су бөгеттері бар. Яғни, Жайықтың қазіргі күйі, тағдыры ресейліктердің қолында. Жауапкершілік те соларда.  

Яғни олар бізге қажеттіден аз мөлшерде ғана су жіберіп отыр. Бірнеше жылдан бері солай. Тіпті су тасқыны кезінде де оның мөлшері соншылықты көбеймеген. Мәселен, 17 сәуірден бері су ағысын секундына 30 текшеметрден 15 текше метрге дейін азайтты. Бұл тек Жайықтың кеуіп кетпеуі үшін ғана жетеді. Облыстың бас гидрологы Шынболат Ермағамбетов бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы мен Орынбор арасында келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Олар маусым айында су ағысын 60-90 текше метрге арттыруды көздеп отырған көрінеді. Алайда, мұндай келіссөздерден әдетте еш нәтиже шықпайды. Оған шын үміт артып отырған ешкім жоқ. Ал Жайықтың күннен-күнге «тынысы тарылып» барады.

Мәселен, өткен жылдың наурызында Қазақстан жағы Орынбор билігімен суды көбірек жіберуге келісімге келген. БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауеновтің айтуынша құжатта көрсетілген кестеге сәйкес су ағысы наурыз айының аяғында секундына 180 текшеметрге дейін артуы тиіс еді. Алайда жіберілген су 9 есеге кем. Көрші ел арамдық танытып секундына 20 текшеметр ғана су жіберген. Ал сәуірде су мөлшерін 15 текшеметрге төмендеткен. Жағдайдың қиындай түсуіне ауа-райы да әсер еткен. Жауын-шашын көп болады деп күткен ғалымдардың болжамы орындалмады. Бұл өз кезегінде суалу үрдісін тездете түскен. Нәтижесінде Жайық өзені сумен қамтып келген көлдер де суала бастаған.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - ural-meleet-4-1024x576.jpg

Көктем айында өзен жолдарын ашып, шағын көлдерге еріген сулардың құйылуын қамтамасыз ету арқылы да бұл мәселенің шешіп көруге болады. Десе де, бұл өлместің амалы ғана. Өзеннің өз суы көбеймесе, бұдан ештеңе шыға қоймайды.

Сапалы ғылыми зерттеу жоқ

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - ural-obmelel-nastolko-chto-nasosy-mestnogo-vodokanala-okazalis-vyshe-tochki-zabora-vody.-ih-prishlos-vykapyvat-i-uglubljat-1-1024x576.jpeg

Жайық алабын, оның суалу мәселелерін зерттеп жүрген Орыс географиялық қоғамының вице-президенті, академик, Оралдағы РҒА директоры - Александр Чибилев бұл құжатта сапалы ғылыми зерттеулердің жоқтығы, істің алға жылжуына кедергі дейді. Ғалым сонымен бірге өзен жөніндегі қазіргі құжаттардың еш пайдасы жоқ, тіпті зиянды дейді. Академик бүгінгі күні мемлекеттік ұйымдар тұтынатын деректер ескі әрі шынайы емес дегенді алға тартады. Жиырмасыншы ғасырда өзен алабына қатысты зерттеулер дұрыс жүргізілмеген. Өзен бойындағы метеорологиялық және гидрологиялық бекеттер азайып кеткен. Қазіргі күні зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың орнын қашықтықтан өлшейтін жабдықтар басқан. Нәтижесінде облыста өзен алабын зерттейтін жергілікті зерттеушілер қалмаған.   

Чиновники Казахстана и России спасают Урал соглашениями и постановлениями
Александр Чибилев РҒА академигі/vk.com

— Өзен экологиясы жөніндегі жеткілікті білімнің болмауы оның гидрологиялық ерекшеліктері мен сағаларында жүретін үрдістер жайлы көптеген қате түсініктер осыған әкелді. Су қоймалары мен құдықтардың рөлі жөнінде, кемеқатынастарының болашағы, өзен түбін тереңдетудің пайдасы мен зияны жайлы, орман мелиорациясына, тасқынға қарсы шаралар, балық өсімін өсіруге қатысты теріс түсініктер қалыптасқан. Мына парадоксты қараңыз. 30-жылдардағы Орал-Ембі бассейнінің су ресурстарын кешенді пайдалану сұлбасы, Ресей мен Қазақстанда соңғы жылдары әзірленген су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбаларына қарағанда әлдеқайда кәсіби орындалған. Олардың басты кемшілігі - бассейндік емес және бассейннің тек ресейлік немесе тек қазақстандық бөлігін ғана алған және ескі деректерге негізделген, - дейді Александр Чибилев.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - ural-meleet-1-1024x576.jpg

Соңғы Келісімді тиімді жүзеге асыру үшін академик Орал өзені бассейнінің экожүйесін сақтау бойынша кәсіби мемлекеттік құрылымдар құруды қажет деп санайды. Бұл комиссия немесе комитет болуы мүмкін. Ол көбінесе шенеуніктерден емес, кәсіби мамандардан тұруы маңызды. Сонымен қатар, ғалым "бассейннің мүддесі үшін" барлық жобаларға тәуелсіз экологиялық сараптама жасауды ұсынып отыр. Бұл ұсыныстарды Александр Чибилев "РФ Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы Орал трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісім" шеңберінде жұмыс істейтін мемлекетаралық комиссияның барлық отырыстарында жариялады. Алайда, бұл мәселелер бойынша нақты шешім қабылданған жоқ.

Академиктің пікірінше бәрі бюрократия мен сөзбұйдаға келіп тіреледі.  

— Менің ойымша, ғылымның міндеті — проблемаларды зерттеу және оларды шешу жолдарын іздеу. Жобалық шешімдерді мұқият зерттегеннен кейін биліктің міндеті — оларды жүзеге асыру. Әзірге Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі комиссияның құрамына тек шенеуніктер: министрлер, депутаттар, ведомстволардың басшылары ғана енгізілген. Бұдан нәтиже шықпайды. Өйткені барлық шенеуніктер уақытша адамдар. Бұл мәселені шешу үшін тұрақты, іргелі жұмыстар жүргізу қажет. Ол үшін Жайық бассейні экологиясының институты немесе лабораториясы ашылуы керек, - дейді ғалым.  

Қазақстандық экологтар да Жайық бассейні экологиясының институты немесе лабораториясы ашылса, бұл мәселе өз шешімін табады деп сенеді. Ғалымдардың бұл дабылын басшылық ести ме, жоқ па, белгісіз. Ал Жайықтан құрдымға кету қаупі өсе түсуде.

Авторы: Зоя Сладкова, Орал

Аударған: Сабина Зәкіржанқызы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар