«Сотталған шенеуніктің ұлы»: Жандос Иманалиев президент әкімшілігіне қызметке келді
Фото: әлеуметтік желіден
Ақорда президент әкімшілігіне тағы бір адамның тағайындалғаны туралы мәлімдеді. Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне Жандос Иманалиев келді. Orda.kz редакциясы бұл адам туралы қызықты дерек тапты.
Оның әкесі — Бақытбек Иманалиев бір кездері Нұр Отан партиясында болған және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, президент әкімшілігінде, Назарбаевтың жанында жұмыс істеген.
Ең қызығы Иманалиев бірнеше жыл бұрын істі болған. Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бұрынғы төрағасы болған Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол осы мемлекеттік комитеттің басшысы ретінде қарамағындағылармен бірге алты жарым миллиард теңге жымқырған. Экс-шенеунікке өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды және тұңғыш президенттің қолынан алған барлық марапаттарынан айырылды.
Бірақ, ол сегіз жылдың орнына бір жыл ғана абақтыда отырып, денсаулық жағдайына байланысты жазадан босатылды. Енді экс-шенеуніктің ұлы президент әкімшілігіне қызметке келді.
Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі де жаңа қызметке тағайындалды. Экс-министр Нұрлан Байбазаров президент әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына келді. Нұрлан Байбазаров 2024 жылдың 6 ақпанында Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалып, 21 желтоқсанында босатылған еді.
Айта кетейік, Қырғызстанда 17 жастағы Айсулуу Мұқашеваны өлтірді деген күдікпен ұсталған 41 жастағы Құмарбек Абдыров бірнеше қылмысын мойындады.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді