Сотталған азамат бостандығын 30 мың теңгеге «сатып алғысы» келді

cover

Ол пробация инспекторына пара беріп, темір тордың ар жағындағы мерзімін ұзартып алды, деп хабарлайды «Диапазон».

Сотталушының табандылығы өз кесірін тигізді. 2017 жылы ақтөбелік Андрей К. ұрлық жасағаны үшін 5 жылға сотталды. 2019 жылы оның темір тордағы жазасы бостандықты шектеумен ауыстырылды. Яғни, оған пробация қызметіне тұрақты түрде тіркелу, белгіленген режимді бұзбау, жұмыстан кейін үйде болу және ойын-сауық орындарына бармау қажет болды.

Бірақ сотталушы талаптарды бұзды. Пробация қызметкері ереженің бұзылғандығын тіркеп, қайтадан темір торға отырғызу үшін сотқа құжаттар дайындады. Ол темір тордың ар жағына түсіп қалуы мүмкін екенін түсініп, инспекторға «мәселені басқа жолмен шешуді» ұсынған. Сүйтіп келесі жолы шенеунікке құр қол келмейтініне уәде беріп кеткен. Инспектор пара бергені үшін жаза бар екенін бірнеше рет ескертті. Тұтқын оны ескермеді. Келесі келгенінде ол 30 мың теңгені инспектордың кабинетіндегі столдың үстіне қойып, осы ақшаға ісін сотқа қатаң жазаға жібермеуді сұрады. Нәтижесінде ол темір тордағы мерзімін ұзартып алды. 30 мың теңге пара бергені үшін сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар