Сот бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевті ақтап шығарды

cover Фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық соты Қазақстанның Тұңғыш Президенті резиденциясы аумағында орналасқан «Қарасу көлін тазалау кезіндегі жымқыру» ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің қылмыс жасамағандары анықталып, ақталып шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды

– Сот Жақсалиев Бақытжан мен Сәдібеков Ғанидың қылмыстық құқық бұзушылық жасағамағанын анықтап, оларды кінәлі емес деп таныды. Олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығы себебінен ақталды, - деді судья Кемеңгер Имашев.

Бұл іс бойынша вице-министрлерден басқа тағы алты айыпталушы болған еді. Барлығы ақталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар