Солтүстік Корея олимпиадаға қатысудан бас тартты

cover

Солтүстік Корея Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын хабарлады. Ақпарат КХДР-дағы спортқа арналған sports DPRK сайтында жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Мұндай шешім КХДР Ұлттық Олимпиада комитетінің сессиясында қабылданды.

— Біз спортшыларымызды коронавирусқа байланысты жаһандық денсаулық дағдарысынан қорғау мақсатында 32-ші Олимпиада ойындарына қатыспау туралы шешім қабылдадық, – делінген хабарламада.

Пандемияға байланысты 2020 жылғы Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Олимпиаданы 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өткізу жоспарлануда. Токиодағы ойындар шетелдік жанкүйерлерсіз өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар