СҚО тұрғындары қаздардың құс тұмауынан қырылғанын дәлелдей алмай жүр
Фото: жергілікті тұрғындар
Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылда үй құстары жаппай қырылып жатыр. Облыстық ветеринардық басқарма оны пастереллёзбен байланыстырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда тұрғындар бұл қорытындыға келіспей, тәуелсіз сараптама жасатқан. Оған сәйкес құстар H5N1 штамын жұқтырғаны анықталған.
Тұрғындар карантин жарияланып, мемлекет өтемақы төлеуі керек деп есептейді. Олардың сөзінше, құстардың қырылуына құс тұмауы себеп болғанына еш күмән жоқ.
«Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми институтында талдау жүргіздік. Бұл — мемлекеттік аккредитациясы бар ұйым. Олар жоғары патогенді H5N1 вирусын растады. Алайда жергілікті органдар бұл нәтижені қабылдамай отыр. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағамбетовпен кездескенде ол 50 пайыз өтемақы төленетінін айтты. Бірақ оны растайтын құжат бермеді. Пастереллёз үшін өтемақы қарастырылмаған. Мұны заң бұзу деп санаймын», – дейді Шаховское ауылының тұрғыны Жанат Ғаббасов.
Қызылжар ауданының Шаховское ауылындағы шығын айрықша көп. Әдемі Қалмұрзинова 7 мың қаз өсірген. Енді кәсіпті дамытамын деп алған несиесін қалай өтейтінін білмей отыр.
«7 мың қаз түгелге жуық қырылып қалды. Мемлекет шағымымызға көңіл бөлмей отыр. Ауру облысқа таралып барады. Өз қаражатымыздан 35 млн теңге жұмсадық. Бұл вирустың адамға да жұғу қаупі бар. 100 пайыз өтемақы талап етеміз», – дейді ол.
Кәсіпкерлер жаз бойғы еңбегі мен шығыны үшін өтемақы берілмесе, Президентке хат жазамыз дейді.
Қызылжар аудандық ветеринарлық станциясының директоры Ербол Багемов жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Қызылжар ауданындағы мал дәрігерлері бірнеше рет сынама алды. Олар облыстық зертханаға, Астанадағы зертханаға және Ұлттық референттік зертханаға жіберілді. Қорытындыда пастереллёз анықталды. Бұл – аса қауіпті инфекция, сондықтан тек мемлекеттік аккредитациядан өткен зертханалардың нәтижелері қабылданады», – деді ол.
Бұған дейін Бугровое ауылында да құс қырылған. Аудан әкімдігінің дерегінше, екі елді мекенде 11 мыңнан астам қаз шығын болған.
Автор: Ханшайым Байбол
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді