СҚО-да алты бірдей әкім қоқыс үйінділері үшін айыппұл төледі
Фото: Nano Banana Pro
Солтүстік Қазақстан облысында спутниктік бақылау арқылы 62 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, ауыл әкімдеріне айыппұл салынды. Бұл туралы Orda.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталған қоқыс орындарының барлығы облыс орталығынан 50 шақырым аумақта орналасқан және спутниктік суреттердің көмегімен табылған. Осыған байланысты жергілікті экология департаменті облыстың 12 ауданына тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде алты ауылдық округ бойынша тоғыз материал жолданып, жеті әкімшілік іс қозғалды.
«Әкімшілік жауапкершілікке алты ауылдық округтің әкімі тартылды. Айыппұлдардың жалпы көлемі 206 мың теңге болды», — деп хабарлады СҚО экология департаментінің басшысы.
Алайда айыппұл салынғанына қарамастан, тұрмыстық қалдықтар мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ.
«Әкімдіктердің мәліметінше, қазіргі таңда облыста тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) төгуге арналған 444 нысан бар. Оның 428-іне ғана жер актілері рәсімделген. Ал қызмет көрсетуге небәрі жеті полигон ғана рұқсат алған», — деді облыстық экология департаментінің басшысы.
Еліміз бойынша да жағдай ұқсас. Қазақстанда шамамен 3 мың қоқыс полигоны бар, алайда олардың тек 20 пайызы ғана белгіленген талаптарға сай келеді.
Тақырыпқа сай оқи отырыңыз:
- Оралда үшінші күн қатарынан қоқыс полигонындағы өртті сөндіріп жатыр
- Ақтау қоқысқа батып қалуы мүмкін: қоқыс полигоны жабық
- «Күніне 130 қалдық төгетін көлік келеді»: Алматы облысында кәріз суы мәселесі ушығып тұр
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады