Әскери киімді кез келген адам кие бере ме?

cover

Соңғы күндері елімізде әскери киімдерді киіп жүргендерді саралау үшін арнайы рейдтер жүргізілді

Бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілген бұл рейдтің мақсаты әскери киімді заңсыз кигендерді анықтау болатын.

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің статусы» туралы заңның талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолданылатыны туралы арнайы ORDA. үшін ҚР Әскери күштерінің Әскери полициясы басқармасының өкілі Ермек Ахметовтың түсініктемесі.

ҚР әкімшілік  заңдарында әскери киімді заңға сәйкес кимеген жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде (айлық есептік көрсеткіш) - 13890 теңге, ал заңды тұлғаларға 25 АЕК мөлшерінде 69450 теңге айыппұл салынады.

Қазір елімізде әскери киімдер емін-еркін сатылуда. Айта кетерлігі, киімнің бұл түріне деген сұраныс қарапайым тұрғындар арасында жоғары деуге болады. Өйткені бұл әскери киімдер киюге өте ыңғайлы, жылы және бағасы да қолжетімді.

«Әскери киім киген жеке тұлғадағы азаматтар кейде арақ ішіп өте бейбастық әрекеттерге барады, бұзақылық жасайды, түрлі заңсыздықтарға барады. Ал мұндай әрекеттерге барғандар  жұртшылық арасында әскерилердің ғана емес, бүкіл Қазақстан әскерінің абыройына нұқсан келтіретіні сөзсіз. Сондықтан жүргізіліп жатқан акцияның  мақсаты – әскери форманы киюдің заңдылықтарға сәйкес болуын қадағалап реттеу. Нақты айтқанда азаматтық тұлғалар сатып алған әскери киімді кигенде погондар мен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери айрықша белгілерінің тағылмауын қадағалап, ескеруі керек».

Можно ли носить военную форму не по назначению?

Олай болса, дегенмен заң жүзінде әскери киімді киюге тиым салынбағаны ғой?

«Жеке тұлғадағы азаматтарға әскери қызметкерлердің айрықша белгілері бар әскери формасын киюге рұқсат жоқ. Мысалы, егер сіз дүкеннен немесе базардан сатып алған әскери киімдерде арнайы белгілер болса оларды алып тастау керек. Олай болмаған жағдайда сол киімді сол белгілерімен  киген адамға айыппұл салынады. Қазір біз әскери борышын өтеп қайтқандармен, мектептердегі алғашқы әскери дайындықты жүргізетін мұғалімдермен және жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы дайындықты жүргізетін  оқытушылармен жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Оларға әзірше айыппұл салмай, тек ескерту ретінде жеткізіліп жатыр. Мысалы қазір ІІМ-не қарасты жергілікті полиция қызметкерлерімен Қарағанды қаласының тұрғындар тығыз орналасқан аудандарын тексеріп жатырмыз. Онда «Шығыс», «Алтын-Арба», «Арай», «Горняк» және Михайловский базарларында әскери киімді киюде заңдылықтарды бұзғандарды анықтадық».

Әскери камуфляжды ыңғайлы болғандықтан балықшылар мен аңшылар, ауыл тұрғындары мен базар қызметкерлері киіп жүреді. Жылы, жеңіл, ыңғайлы, арзан киім. Есімізде «афганка» деп аталатын Кеңес одағынан келе жатқан осындай киімге ол кезде қол жетпейтін.

«Айрықша белгілері бар әскери киімді кигендер ол белгілерді алып тастамай киіп жүре беретіні жиі кездеседі. Ал құқық қорғау қызметкерлері ондайларды тоқтатып тексере бастаса, олар реніш білдіреді. Кейде тіпті қарсылық білдіретіндері де бар. Мен жеке өзім әскери киім киюді реттеудің жүргізіле бастағанын құптаймын. Өйткені өмірде  мынадай жайттар жиі кездеседі. Мысалы, офицердің бушлатын сатып алып киіп алған бұзақылар, арақ ішіп, көпшілік жерде төбелес ұйымдастыратындары бар. Ал ел болса оны киіміне қарай  Қазақстан әскерінің сарбазы қоғамдық тәртіпті бұзып жатыр деп қабылдайды. Суретке түсіріп, әлеуметтік  желіге салып жіберетіндер де бар. Осылайша Қазақстанның сарбазы елге масқара болып жатады».

Осыған орай, айта кетер бір оқиға. Өткен жылы Гвардия  гарнизонында (Жамбыл облысы,Отар) Халықаралық әскери АрМИ-2019 ойындары өтті. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында баспасөз қызметінің офицері Дина Мухаринова әңгімелеген болатын.

«Шетелден, дүниежүзінің шартарабынан келген әскери командалар өте көп болды. Демалыс күндерінің бірінде мәдени бағдарлама аясында шетелдік әскерлерді Алматының әсемдігін көрсетуге қаланы аралатып, Медеуге апардық. Оларды басқарып  біздің әскери сарбаз жүрді.Оның әскери киімі жалтырап тұрды. Ақ жағалығы, жаңа бас киімі, жалтыратып ысқылаған аяқ киімі, қысқасы  Қазақстанның сарбазына қарасаң көз тоятындай түрде болды. Осы көтеріңкі көңілді  шетелдік әскерилерден қайыр сұраған қайыршы бұзды. Оның үстіне кигені де топты басқарып жүрген сарбаздың киімі сияқты  әскери форма екен.  Екеуі бірдей формада. Қайыр сұрап тұрған әскери туралы шетелдіктер не ойлады екен? Біз болсақ ұяттан өртене жаздадық. Әскери киім – әскери адам үшін ту сияқты үлкен қасиетті дүние. Оны жұмыс киімі ретінде пайдалану – әскери қызметтің беделін, әскери адамның абыройын түсіреді. Сол себептен де мұндай тексеру рейдтері азаматтарға әскери киімнің мән-мағынасын түсіндіріп қана қоймай, әскери формаға құрметпен қарауды да насихаттау болып табылады».

Аударған Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар