Шыңғыс Айтматовтың қарындасы жазушының 100 жылдығын тойлаудан бас тартуға шақырды
Фото: 24KG
Қырғыз жазушысы, әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың туғанына 100 жыл толуына орай жоспарланып отырған шараларға қатысты оның қарындасы Роза Айтматова Үкіметке үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
24KG мәліметінше, Роза Айтматова мерейтойлық іс-шараларды өткізбей, оған бөлінетін қаражатты қарапайым халықтың өмір сапасын жақсартуға жұмсауды сұрады. Айтматованың айтуынша, қоғамда «Айтматовтың 100 жылдығына кеткен қаржыны басқа маңызды мәселелерге бағыттауға болар еді» деген пікірлердің туындауы заңды. Сол себепті ол биліктен алдын ала осы қаражатты әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттауды өтінді.
«Бұл — Шыңғысқа деген ең шынайы құрмет болар еді», — деп атап өтті ол өз мәлімдемесінде.
Сондай-ақ Роза Айтматова жазушының дүниеден өткеніне 17 жыл өтсе де, оның есімі әлі күнге дейін қоғамда түрлі талқылаулар мен сын нысанына айналып келе жатқанын айтты. Ол марқұмның рухын мазаламауға және есімін орынсыз дауға араластырмауға шақырды.
«Шыңғысты мадақтаудың да, қаралаудың да қажеті жоқ. Ол тыныштықта мәңгілік дамыл тапсын», — деді Роза Айтматова.
Еске сала кетейік, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен даудың неден басталғанын айтып берді.
Жаңалықтар
- 17 жыл құлдықта болған Құндыздың тағы азапталғаны белгілі болды
- Жогорку Кенештің депутаты бұрынғы әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
- Шыңғыс Айтматовтың қарындасы жазушының 100 жылдығын тойлаудан бас тартуға шақырды
- Ақмола облысында мәслихат төрағасының үйін тонағандар сотталды
- Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның денесі табылды
- «Бұл істе аса қатігездік көрмедік деді»: Айзат Жұманованың туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен жанжалдың неден болғанын мәлімдеді
- Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, билік қалай әрекет етеді?
- «OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді
- Семейде ер адам полицейлердің көліктерін өртеп жіберді
- Ақтөбе – Орынбор тас жолында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады
- Сағи Әшімовтің жұбайы дүниеден озды
- Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады
- Шарын шатқалында жез киік үйірімен жүйіткіп жүр
- Мектептерде жасанды зердені қолдану оқыту әдістері енгізілуде
- КҚК инфрақұрылымына шабуылдан кейін ЖАҚ-3 жөндеу жұмыстары аяқталды
- Қаржы министрлігі: Алматыдағы ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн теңге
- Болгарияда алғаш рет әйел адам президент атанды
- ҚР ДСМ ауруханалар мен емханаларды жаппай тексереді
- ШҚО-да тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты