Шымкенттегі Тұрар Рысқұлов ескерткішіне бетперде тағылды

cover Отырар Сурет: Ирина Казорина

Шымкентте Жібек жолы көшесінде тұрған көрнекті саяси қайраткер Тұрар Рысқұлов ескерткішіне белгісіз адамдар бетперде тағып кетті.

Ақпарат Оtyrar.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ескерткішке медициналық бетпердені тағуға кімнің ақылы жеткені беймәлім. Рысқұлов мүсінінің биіктігі тұғырын есептемегеннің өзінде — төрт жарым метр. Ол қаладағы ең биік мүсіндердің бірі. Коронавирус инфекциясымен осылай күресуді шешкендердің бетпердені төрт метр ескерткішке қалай таққандары да сұрақ тудырады.

Монумент Шымкентте 2009 жылы орнатылды. Жобаның авторлары мен орындаушылары – Насыр Рүстемов пен Дәурен Әлдеков. Көрнекті қоғам қайраткерінің ескерткіші Шымкентте жаңа қалалық ансамбль құрып тұр. Жобаны «Атамекен» корпорациясы қаржыландырған. Жобаның жалпы құны 15 млн теңге.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар