Шымкентте қаржы пирамидасына алданғандар тергеу ісіне наразы

cover

4 қазан күні Шымкенттегі Сәуле ықшам ауданында орналасқан ИЧ-167/11 түзеу мекемесінің алдына жиналғандар Индиго қаржы пирамидасына байланысты сот тергеуіне наразы.

Қаржы пирамидасына қатысты істі Түркістан қалалық соты қарап жатыр. Іс бойынша 25 адам айыпталған. Олар Қылмыстық кодекстің «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы (217-бап), «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабы (262-бап), «Алаяқтық» бабымен (190-бап) күдікке ілініп, қамауға алынған.
Сот істі түзеу мекемесінің мәжіліс залында өткізуге қаулы шығарған. Сот тергеуі бір жыл бұрын басталған.

Қаржы пирамидасына ақша салып, қайтарып ала алмай қалған жәбірленуші деп танылғандар істің әділ шешілетініне күмәнмен қарайды.

– Тергеу басталғанына үш жылдан асты. Жеті балам бар. Несие алып, ақша салған едім. Теңселіп қиналып қалдық. Қазір мүгедек баламның жәрдемақысымен кредит төлеп отырмын. Ақшамызды қайтарып берсін. Қанша адам үйсіз қалды? Қанша адам қарызын төлей алмай өліп кетті? – дейді наразылардың бірі.

Жиналғандар істі тергеуді тездетіп, айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе мүлкін тәркілеп, қарызын өтеуді міндеттеуді сұрайды.

Автор: Дилара Иса

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар