Шымкентте көркемсурет мектебін көшіруге қарсы ата-аналар наразылық білдірді
9 қараша күні Шымкентте елуден аса ата-ана балалар көркемсурет мектебін көшіруге қарсы шығып, наразылық білдірді. Олар қолдарына «Балалардың арманын ұрламаңыздар!» деген жазуы бар плакат ұстап тұрды.
Көпбалалы ана Дилдара Рашитованың екі баласы балалар көрсемсурет мектебіне барады. Сабақ аптаның үш күніне белгіленген. Жалпы орта мектептен келген олар ас-суын ішер ішпестен сурет салуға асығады. Осылай бос уақытын тиімді пайдалануға тырысады.

– Қызымның сабағы түскі екіде бітеді. Үйге келгенше 15 минут өтеді. Келеді де сурет салуға қажетті заттарын алып, осы жерге жүгіреді. Басқалай үлгермейді. Енді сурет мектебін басқа ықшам ауданға көшірсе бәрі бекер қалады. Бұл – мемлекеттік мекеме. Ақысы айына – 900 теңге. 4 баламның барлығын үйірмеге беремін. Басқа ақылы үйірмеге 15 мың теңге төлеп беруге қалтам көтермейді, – дейді Рашитова.
Балалар көркемсурет мектебінің ашылғанына 3 жыл болған. Ғимарат кәсіпкер, «Шымкент сыра» зауытының бұрынғы иесі, 2017 жылы «қылмыстық топ құрып, билікті басып алмақ болған» және «жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырған» деген айыппен 21 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталған Тоқтар Төлешовтың Бекет Батыр көшесіндегі үйі. Кейіннен сот шешімімен мемлекет меншігіне өткен.

Мұнда қазір үш жүз бала аптасына үш реттен сурет салу өнерін тереңдетіп үйреніп жүр. Оларды басқа ғимаратқа көшіру мәселесін қалалық білім басқармасы көтерген.

Наразылық білдірген елуге жуық ата-ананың бірі Жанар Әбдірашидова да мектепті қаланың басқа ықшам ауданына көшіруге наразы. Оның сөзінше, бұл аймақта балалар көркемсурет мектебінен бөлек үйірме жоқ. Мектеп әкімшілігі ата-аналарды алдын-ала ескертпеген.
– Балалар сабақтан соң теңселіп жолда жүрмейтін, телефонға үңіліп отырмайтын. Баламның қабілеті болғаны үшін жіберген едім. Пахтокор ықшам ауданына көшіреді дейді. Ол жер алыс, ыңғайсыз. Көшірсе баламды қауіпсіздігіне байланысты жібере алмаймын, – дейді Әбдірашидова.
Жиналғандардың кейбірі қолдарына «Балалардың арманын ұрламаңыздар!», «Біздің балаларымызды қумаңыздар», «Сурет салуды және билеуді үйренгіміз келеді» деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Олар қабілетті балаларды әуреге салмауды сұрады.

Наразылардың алдына әуелі балалар көркемсурет мектебінің директоры Тояш Оразова шығып, басу айтпақ болды. Бірақ оның сөзіне наразылар келіспеді. Жарты сағаттан соң қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева келді. Оның айтуынша, бұл ғимаратта балалар көркемсурет мектебі уақытша отырған. Бастапқыда елу бала қабылдағанымен, үш жылдың ішінде олардың саны үш жүзге жеткен. Қалалық білім бөлімі барлық талапқа сай ғимарат табуды және балаларды тасымалдауды жоспарлаған. Бірақ бұл әлі талқылаудағы мәселе.
– Бұл ғимарат ыңғайластырылған, санитарлық талаптарға сай емес. Біз ата-аналарға емес, балаларға жағдай жасаймыз. Балаларды тасымалдауға екі автобус беріледі, – деді Тәжиева.
Оның сөзін наразы ата-аналар бөлді. «Ешкім ғимаратқа шағым түсірген жоқ», «Осы уақытқа дейін балалар сыйып келді, енді не болып қалды?» «Мектептің көшетінін білгенде баламды бермейтін едім» деді олардың кейбірі.
– Дұрыс түсініңіздер. Ол кезде бізде ғимарат жоқ еді. Бұл ғимаратты тартып алып, мемлекет меншігіне өткізгенде қалалық білім бөлімінің балансына уақытша пайдалануға берілді. Бала санының көбеюіне байланысты ғимаратты алмастырамыз. Балаларды далада қалдырмаймыз, – деді Тәжиева.
Жиналғандар қалалық білім басқармасының мектепті басқа ықшам ауданға көшіруіне келіспеді. Осы маңнан ғимарат табуды, не әр баланың уақытымен санасып, сабаққа үлгеретіндей етіп автобус қоюын талап етіп тарады.
Жаңалықтар
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды
- 25 жыл түрмеде отырған «балталы маньяк» бостандықта қайтадан әйелге шабуыл жасады
- Семейде көпір үстіне жатып суретке түскен әйелге айыппұл салынды
- Психиатриялық ауруханаға жіберілген экс-дін қызметкері Воронцов қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды
- Әлиев Тоқаевқа Қарабақ үшін алғыс айтып, Құрманғазы мен Түркістанды ерекше атады