Шымкентте 3 жастағы бала 16 магнит жұтып қойған
Фото: freepik.com
Шымкентте дәрігерлер 16 магнит жұтып қойған 3 жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған бала шұғыл түрде жеткізіліп, дереу күрделі медициналық көмек көрсетілген. Ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп бірнеше магнитті байқамай жұтып қойған. Қабылдау бөлімінде жүргізілген тексеру барысында баланың іш қуысында бөгде зат бар екені анықталып, рентгенологиялық зерттеу жүргізген. Науқас шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылып, дәрігерлер жедел ота жасау туралы шешім қабылдады.
Видеоэзофагогастроскопия кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит табылып, эндоскопиялық құралдардың көмегімен толық алынып тасталған.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, өміріне төнген қауіп сейілді.
Айта кетейік, композитор Еркеш Шәкеев «Замандас» пен «Курсивті» сотқа берді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады