«Барлық ер адамдарға сабақ болды»: Шығыс биін билеген бишіні жұлқыған ер адам кешірім сұрады
Фото: Бейнеден кадр
Әлеуметтік желіде биші қызды билеп тұрған жерінен жұлқып, қоқан-лоқы көрсетіп, есіктен шығарып жіберуге тырысқан ер адамның бейнесі тарады. Бұл бейнені желіге жәбірленушінің өзі, aisubellydancer атты Instagram қолданушысы салған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бишінің айтуынша, кеше, 19 қаңтар күні құқық қорғау органдары кінәлі адамды тапқан. Ер адам бишіге бірден қоңырау шалып, кешірім сұрапты. Бірақ биші қыз «жария кешірім» талап еткен.
«Кеше болған жағдай үшін қарындастан кешірім сұраймын. Өзім 6 баланың әкесімін. Халқымнан да ісім үшін кешірім сұраймын», — деді ер адам.
Биші келіншек 3 баланы жалғыз асырап отырғанын, оның биі дәстүрлі өнер екенін айтты.
«Ол адам үшін де, сондай-ақ басқа ер адамдар үшін де бұл үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Енді өнер адамдарын, әсіресе belly dance бишілерін, құрметтеп, бағалай бастайды деп сенемін. Ешкімнің біздің бейнемізге қарап, бізбен бұлайша қарым-қатынас жасауға құқығы жоқ!» деп жазды ол.
Дегенмен пікір жазушылар екіге жарылған. Кейбірі кез-келген бидің өнер екенін айтса, кейбірі қазақтың тойында жартылай жалаңаш бидің қажеті жоқ екенін жазып жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады