Шығыс Қазақстанда құстар саны азайды: мамандар дабыл қағуда

cover

Шығыс Қазақстанда құстың 19 түрі жоғалып кеткен. Өлкенің орнитолог мамандары осы тұрғыда алаңдаушылық білдіріп, дабыл қақты.

Бұл туралы Orda.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Орнитолог Борис Щербаковтың айтуынша, аймақта құстың 19 түрі жоғалып кеткен. Оған себеп – өнеркәсіптің қарқынды дамуы болуы мүмкін.

Атап айтқанда:

  • Торғай
  • Тоқылдақ
  • Жапалақтар саны аз.

Ал шымшық пен қарға көбейген. Бозторғайлар мүлде көрінбейді.

Саябақтың бас директорының орынбасары Раушан Қырықбаеваның айтуынша, жыл сайын қыс пен көктемде есеп жүргізіліп отырады.

Жақында Қатонқарағай мемлекетік ұлттық саябағында жүргізген есебі бойынша 281 құс тіркелген. Осыдан 15 жыл бұрын мында 278 құс түрі болған. Қазір саябақтағы 21 құс қызыл кітапқа енген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар