Шортандыдағы жарылыс: 9 жасар қыз да қайтыс болды

cover

16 қарашада Ақмола облысының Шортанды ауылында газ балоны жарылып, салдарынан зардап шеккен тоғыз жасар қыз көз жұмды.

Осылайша, төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны беске жетті.

«Өкініштісі, Ақмола облысының Шортанды ауылында 22 қараша күні кешке жарылыс кезінде зардап шеккен 2011 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Кешкі сағат 11-де баланың жүрегі тоқтап қалды» деді Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасы..

Ол кішкентай науқастың астаналық ауруханаға ауыр халде жеткізілгенін еске салды.

«Баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Денесінің термиялық күйіктері 60 пайызды құрады, қыз комаға түсті» деп түсіндірді баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, жарылыс 16 қараша күні кешке Шортанды ауылында болған. Үш пәтерлі үйде газ балоны жарылып, бір пәтер зақымдалған. Төтенше жағдай кезінде үйде екі отбасы болған: үй иесі мен олардың қонақтары.

Өрт салдарынан үш адам - ​​екі әйел мен бір бала қаза тапты. Тағы он адам ауруханаға жатқызылды, бір адам үйге қайтарылды.

2009 жылы туған ұл бала мен 2011 жылы туған қыздың жағдайы ауыр болған. 21 қарашада дәрігерлер ұл баланың қайтыс болғанын хабарлады. Тоғыз жасар қыз 23 қарашада қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жеті адам ауруханада жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар